
Александр Тютин

Кеңестік және ресейлік театр және кино актері, театр режиссері Александр Викторович Тютин бала кезінен жаратылыстану ғылымдары – физика және математикамен шұғылданған, сонымен қатар музыка мектебінде фортепиано сыныбы бойынша білім алады.
Институтты аяқтағаннан кейін Александр Тютин Грузияда офицер болып қызмет етті, әскери-көлік эскадрильясының радиоэлектронды жүйелер инженері болды. Әскерден келгеннен кейін Щукин ат. Театр училищесінің режиссерлік факультетіне түсіп (М. Тер-Захарованың сыныбы), 1992 жылы оны аяқтады. 1987 жылдан бастап Александр Тютин «Игроки» театрының сахнасында ойнайды, тіпті өзі спектакльдер қояды. Оның қоржынында «Черта», «Путём взаимной переписки», «Два в одном», «Самоубийцы» және «Госпожа министерша» сияқты қойылымдар бар.
Өзінің кинематографиялық қызметі барысында актер тоқсаннан астам фильмдер мен сериалдарға түсті. Олардың ішіндегі ең танымалдары «Марш Турецкого», «Дальнобойщики», «Next 2», «Дорогая Маша Березина», «Адвокат», «Звездочёт», «В круге первом», «Охота на Изюбря», «Бальзаковский возраст, или Все мужики сво… – 2», «Мой ласковый и нежный мент», «Очарование зла», «Последняя исповедь», «Диверсант-2: Конец войны», «Секунда до...», «Жаркий лёд», «Маргоша», «Антикиллер», «Параграф 78: Фильм первый», «Адмиралъ» және «Стройбатя» сияқты картиналар. Александр Тютин өзінің айтуынша оның орындауында тартымды болып шығатын жағымсыз кейіпкерлерді жиі ойнайды.